Сұрақ-жауап

Жүктілік кезінде етеккір болуы мүмкін емес. Бірақ бірінші айда жоспарланған күндерде қан кетуі мүмкін. Бұл жүктілік болған жоқ дегенді білдірмейді. Қан кетудің мардымсыздығын (шамалылығын) бағалаңыз: егер олар көп болмаса, «жағылатын» сипатта болса алаңдаудың қажеті жоқ.

Жүрек айнуы мен кеуде үлкеюінен басқа да белгілер бар. Егер сіз бұрын бір себет жидекті жей беретін болсаңыз, қазір сіздің асқазаныңыз бір ғана жазықсыз жидектен кейін төңкеріс жасайды. Бұл реакция арық әйелдерде байқалады: іші «ісініп» тұрады. Тағы бір белгісі – газ түзілуінің жиілеуі. Ұйқышылдық, әлсіздік, ұмытшақтық – жүктіліктің ерте кезеңіндегі табиғи құбылыстар! Бұл өзгерістер гормондармен байланысты – қазір сіздің денеңіз нағыз американдық аттракциондарды бастан кешіруде.

Көптеген тағамдар сүттің сапасын төмендетеді. Цитрус, шоколад, қызыл және қызғылт көкөністер мен жемістерді жеу ұсынылмайды. Олардың құрамында гистамин – аллергиялық реакциялардың медиаторы бар. Іштің кебуіне немесе нәжістің жұмсаруына әкелетін тағамдардан (бұршақ дақылдары, жүзім, қырыққабат) бас тартыңыз. Бала емізетін әйелдің тамақтану рационының негізі-қарақұмық, күркетауық, авокадо, жасыл алма, банан.
Егер сіз вегетариан болсаңыз, дәнді дақылдарды, шөптерді, өсімдік майларын көп мөлшерде жеуіңіз қажет. Басқа жағдайларда жануарлардың нәруызы міндетті (майсыз ет және балық). Күніне нәруыздың орташа мөлшері – 120 грамм. Бұл баланың ағзасының дамуына және иммундық жүйені нығайту үшін қажет.

Емшек сүтінде балаңызға қажет нәруыздардың, майлардың және көмірсулардың теңдестірілген мөлшері бар. Алдымен, балаңыз көп мөлшерде майы бар сары түсті сүтті қабылдайды, ол нәрестенің жүйке ұштарын арнайы қабықшамен қоршайды. Бала бір айлық болған кезде сүттің түсі мен құрамы өзгереді. Кейбір аналар емізуді осы уақытта тоқтатады – олар сүттің түсін ұнатпайды, ол бұрынғыдай қанық емес көрінеді. Бірақ жаратушы барлығын алдын ала ойластырғанына күмәніңіз болмасын!
Егер сіздің етеккіріңіз келсе, емізуді жалғастырыңыз. Осы сәтте сүт өзінің дәмін де, сапасын да жоғалтпайды.

Егер емізіп болғаннан соң кеудеңіз ауырмаса және мазаламаса, сүтті сүзіп алудың қажеті жоқ. Егер емізу процесіне қажеттіліксіз араласатын болсаңыз, келетін сүттің мөлшері көбейеді және әрдайым сүтті сүзіп алуға мәжбүр боласыз.

Әдетте дәрігерлер босанғаннан соң 42 күннен кейін жыныстық өмірге рұқсат береді. Бұл күндер бойы босанудан кейінгі бөлінулер болады, жатырдың табиғи тосқауылы – жатыр мойыны қысқарады. Есте сақтаңыз: бір ай-бір ай жарым уақытта жыныстық өмір болмаған жағдайда босанғаннан кейінгі мүмкін қан кетулер рискі әлдеқайда төменірек.

Босанудан кейінгі бірінші қабылдау өте маңызды. Босанғаннан соң бір айдан кейін әйел адам акушер-гинеколог маманға көрінуі қажет. Қаралудан және УДЗдан кейін жыныстық өмірге рұқсат беріледі және сақтану жолдары талқыланады. Кейін дәрігерге 6-12 айда бір рет қаралып тұру керек. Жатыр мойнының эрозиясын жарты жылдан соң тексерген жақсырақ, мүмкін, кольпоскопия көмегімен.

Қарапайым бала көтерткізбейтін таблеткалар емізетін әйелдерге сәйкес келмейді. Ресейде лактация уақытында рұқсат берілген 2-3 тен артық емес дәрі-дәрмектер бар. Егер сіз емізбесеңіз, екінші етеккіріңізді күтіп барып кез-келген түрдегі гормоналдық контрацептивтерді қолдана беріңіз. Оған дейін сақтанудың барьерлік тәсілдері ғана рұқсат етілген.

Егер сіздің жүктілігіңіз мүмкін болса, бірден жүктілікті анықтайтын тест өткізіңіз. Егер жүктілікке тест оң шықса, өзіңіздің гинекологыңызға қаралуды жоспарлаңыз.
Алайда дәрігерге тестті өткізген бойда барып қажет емес, етеккір кешігуін аз дегенде 10-14 күн күткеніңіз абзал, сонда дәрігер кіші жамбас УДЗсын өткізе алады және жатыр қуысында ұрықты жұмыртқаның бар екендігін дәлелдей алады.
Егер сіздің жолдасыңыз болмаса немесе жүктілікке тест теріс болса, уайымға салына берудің қажеті жоқ, сізге ыңғайлы уақытқа дәрігерге қаралуға жазылғаныңыз абзал. Әдетте әрбір әйелде етеккір циклі жылына бір рет немесе одан сирегірек бұзылып тұрады. Егер жақында сіз демалуға кеткен болсаңыз, әсіресе басқа климаттық белдеуге кетсеңіз, ол да осындай шағымдарды тудыруы мүмкін. Қабылдауда дәрігер нақтылайтын сұрақтар қояды және тексерілудің тиімді жоспарын ұсынады.

Егер сіздің алдыңғы гинекологтағы тексерілуіңізде дәрігер сізде барлығы дұрыс, барлық анализдер мен зерттеулер норма шегінде десе, келесі гинекологқа қаралуды бір жылдан соң жоспарлаңыз.
Егер нормадан ауытқушылықтар болса, гинеколог-дәрігеріңіз диагнозға байланысты келесі кездесудің тиімді уақытын ұсынады. Сіздің жасыңызға, анамнезіңізге және риск факторларға қарап, дәрігер сәйкес зерттеулер жүргізеді және анализдер алады. Оған дейін дәрігер міндетті түрде сіздің етеккір цикліңіз, оның симптомдар туралы детальдарды нақтылайды. Маммография секілді кейбір зерттеулер белгілі бір жасқа дейін жүргізу үшін ұсынылмаған, ал ПАП-тесті сияқты жатыр мойнының қатерлі ісігін тексеру үшін жүргізілетін зерттеулер 3 жылда бір реттен сирек жасалмауы керек (алдыңғы нәтиже нормада болған жағдайда). Есте сақтаңыз, сіз дәрігермен қаншалықты ашық болсаңыз, дәл сізге қажетті денсаулыққа қамқорлықты ала алатыныңызға сенімділік те жоғары.

Әдетте несепті ұстай алмау жамбас қуысының түбіндегі бұлшықеттердің әлсіздігіне байланысты, олар сіздің мүшелеріңізді қолдауға және қуық пен ішектің қозғалыстарын басқаруға көмектеседі. Көбінесе белгілі бір конституциядағы немесе дәнекер тінінің дисплазиясы бар әйелдерде бұлай жиі болады. Ұялатын ештеңе жоқ – әйелдердің кем дегенде үштен бірінде кем дегенде бір рет жамбас бұлшықеттерінің дисфункциясы болды, бірақ бұл енді онымен өмір сүру керек дегенді білдірмейді. Бұл мәселе кез келген жастағы әйелдерде, соның ішінде жаңа аналарда немесе менопаузаға дейінгі жастағы әйелдерде болуы мүмкін. Егер сіз осы шағымдарға алаңдасаңыз, гинекологпен сөйлесіңіз және олар сізге бұл мәселені шешуге көмектеседі. Жамбас қуысының бұлшықеттерін күшейтетін қалыпты физикалық жаттығулардан (Кегель жаттығулары) бастап, тіпті дәрі-дәрмекке дейін.

Жүктілікті тиімді басқару және нәрестенің денсаулығына байланысты ықтимал проблемаларды болдырмау үшін болашақ ана жүктіліктің 12-ші аптасына дейін тіркелуі керек екенін есте ұстаған жөн.

Босанғаннан кейін шамамен 1,5 ай бойы спортпен айналысу ұсынылмайды. Дәрігермен кеңесіңіз, УДЗ жасаңыз, содан кейін ғана жаттығуларыңызды жоспарлаңыз. Бұған дейін босанғаннан кейінгі кеш қан кету мүмкіндігі үшін спортпен айналысу қауіпті.

Бұл дұрыс емес – бала бактериялармен байланыста болуы керек. Әрине, кеудеңізді бір күн бойы жумай жүруге болмайды, өйткені сүт күн бойы шығарылады. Ең жақсы нұсқа – күніне екі рет, таңертең және кешке. Бірақ егер сіз жарылған немесе құрғақ емізікке Purelane немесе “Бепантен” жақсаңыз, емізу алдында кеудеңізді суланған мақтамен сүртіңіз.

Өмірдің алғашқы алты айында қосымша су берудің қажеті жоқ – қыс болса да, жаз болса да. Бала сүтпен қоректенгенде, одан сұйықтықты да, тамақты да алады. Ана сүті екі фазалы: «алдыңғы», жеңіл және судың қызметін орындайды, және «артқы», тығызырақ, тұтқыр және нәрлі, баланы тойдырады. Баланың диетасына суды туғаннан кейін 6 айдан кейін, көкөністер мен жемістерден жасалған пюрелермен бір мезгілде енгізу керек.

Сағат бойынша тамақтандыру – бұл миф КСРО-дан келген. Соғыстан кейінгі кезеңде әйел ана атанған бойда жұмысқа шығуға мәжбүр болды. Жұмыс кестесін баланың қажеттіліктеріне сәйкес келтіру мүмкін болмады – оны кесте бойынша тамақтануға үйрету керек болды. Қазіргі таңда аралас жүйені қолданады: сұраныс бойынша тамақтандырады және екі сағаттан жиі нәрестеге емшек сүтін бермей, режимді сақтауға тырысады. Егер сіз балаға «алдыңғы» ғана емес, сонымен қатар «артқы» сүтті соруға үйретсеңіз, мұны істеу оңай – тойып алғаннан кейін бала бірнеше сағат ұйықтайды.

Әрине, емізетін ананың кеудесі пішінін өзгертеді. Бірақ өмірінде бала көрмеген әйелдерде де сүт бездерінің салбырауы және бұлшықет тонусының өзгеруі жасына сәйкес басталады. Сүт келетін кезде, кеуде толықсып, тығызданып, әдемі болады, ал лактациядан кейін көлемі күрт жоғалады, тері созылған күйде қалады. Бір жыл ішінде сүт безі дұрыс күтім болған жағдайда қалпына келеді, егер сіз ылғалдандыратын кремдерді қолдансаңыз және кеуде бұлшықеттерін “жаттықтырсаңыз”. Бұл мақсатта “планка” немесе “кеудені жерден көтеру” жаттығулары жақсы сәйкес келеді. “Лапинода” көптеген әйелдер маммопластикадан және кеудеге имплант енгізгеннен кейін де емізіп жатады.

Әйелдің максималды репродуктивті белсенділігінің кезеңі 35 жасқа дейін шектелген. Статистикаға сәйкес, 35 жаста, дәл 25 жастағы сияқты оңай жүкті болуға болады. Бірақ 35 жастан кейін бала көтеру ықтималдығы күрт төмендейді және 40 жастан кейін ол өте аз болады. Сол үшін де әйелдерге 35 жасқа дейін жүкті болу ұсынылады. Рисктер жас өскен сайын пайда болады. 40 жасқа жақындаған әйелдерде гипертония, өт-тас ауруы және көктамырлардың варикозды кеңеюі жиі дамиды. Олардың барлығы жүктілік кезінде асқынулар тудыруы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, кеш босану – жақсы емес.

Қазір аналық жұмыртқа жасушаларының таусылу синдромы “жасарып” барады. Менопауза 30-35 жаста да болуы мүмкін (қалыпты нұсқа 45-55 жас). Бұрын мұндай жағдайлар оқыс оқиға деп саналса, қазір олардың саны көбейіп кетті – созылмалы стресстің, аутоиммундық аурулардың әсерінен. Бірақ бұл аяғына дейін зерттелмеген оқиға – теориялардың ешқайсысы бұл құбылысты толық түсіндіре алмайды.

Химиотерапия мен сәулелік терапиядан кейін ұрықтылықты сақтау үшін көптеген әйелдер емді бастамас бұрын жұмыртқа жасушаларын қатырады (әйнектендіреді). Ресейде мұндай жолмен көптеген балалар дүниеге келген. Клиникалық қолдану аясы күтілгеннен әлдеқайда аз болатын дің жасушаларына қатысты жағдаймен салыстырғанда, бұл шындық (бірақ оларды лейкозды емдеуде қолданады және бұл әлеуметтік маңызды оқиға!).

Егер әйелде аборт, түсік, қабыну аурулары болмаса, жүктіліктің қатып қалуы генетикалық патологиямен байланысты болуы мүмкін. Ұрық генетикалық қателікпен қалыптасады, яғни табиғаттың өзі оны өмір сүруге жарамсыз деп санайды. Қазір бұл 5-6 аптадағы дамымайтын жүктіліктің ең көп тараған себебі. Осыдан кейін генетикалық анализ және екі ата-ананың да кариотипіне анализ жасалады.
Көбінесе генетикалық қате эмбрионның қалыптасып бастау кезеңінің өзінде орын алады. Бұл қайталануы мүмкін, бірақ бәрі тұлғаға, мәселен оның жасына байланысты (жас ұлғайған сайын, ықтималдығы жоғары).
Жиі жүктіліктің қатып қалу мәселесі тромбофилді мутациялармен салыстырылады және мұнда көптеген «интернет ертегілері» бар. Мысалы, Лейден мутациясы әрқашан жүктілікті жоғалту қаупін тудырады. Бірақ созылмалы қабыну, инфекциялар, аборт сияқты қосымша жағдайлар болған жағдайда жүзеге асырылатын ондаған мутациялар бар.

Сізге қымбат зерттеулерді жүктемейтін, бірақ болашақ жүктілік туралы сіздің басыңызда дұрыс ақпаратты қалыптастыратын дәрігерге бару маңызды.

Әрбір жоғалған жүктілік әдейі жасалған зұлымдық емес. Осылайша жаратушы генетикалық қатені түзетуге тырысты. Өйткені, әйелге 22-аптада балада өмірге сәйкес келмейтін ақаулар бар деген таңдау құқығы берілмеді – бұл психологтың көмегін қажет ететін әлдеқайда үлкен трагедия болар еді.

Бедеуліктен зардап шегіп, ЭКО жасатқан, кейін жүкті болып, ерте кезеңде баласынан айырылған клиенттеріме мен бұл алға жасалған қадам деп үнемі айтамын!

Өйткені олар бедеулігі бар науқастар санатынан (мұнда жүкті болу ықтималдығы 50%) жүктілікті көтере алмайтын науқастар санатына ауысады. Бұл жағдайда жүктіліктің болу жиілігі 80% -ға дейін артады, ал жүктілікті көтере алу ықтималдығы 85% -дан асады.

Бұл анаға да, нәрестеге де қауіпті емес, бірақ эпидуральды анестезияны уақытында жасау керек. Жатыр мойнының тым үлкен немесе, керісінше, тым кішкентай ашылуымен, анестезияны енгізгеннен кейін толғақ тоқтап қалуы мүмкін. Көптеген қыздар: «Сіз эпидуральды анестезияны қоюға аяп тұрсыз ба?» – дейді. Біз аямаймыз, бірақ оны өз уақытында жасау маңызды. Егер ол уақытында жасалмаса, жатыр мойны ашылмайды, бұл кесар отасына алып келеді. Эпидуральды анестезиямен толғақ оңайырақ өткенімен, әрекеттердің өзі бірнеше есе ауыртатындығын түсінуіңіз керек.

Біріншіден, мен аяқтар айқастырылған кездегі қалып туралы айтайын. Егер сізде веноздық жүйеде проблемалар болмаса, тромбоз болмаса, жаман ештеңе болмайды. Бірақ сонда да, жүктілік кезінде басқа қалыпты таңдаңыз, себебі бұл шын мәнінде кіші жамбастағы қан айналымын нашарлатады.
Өкшесі бар аяқ киімге тыйым салынбаған. Егер сіздің аяқтарыңыз ауырмаса, ісіну жоқ болса, сізге кез-келген аяқ киімді еш қиындықсыз киюге болады және сүйікті аяқ киіміңізден толығымен бас тартудың қажеті жоқ.
Ең алдымен, жеке сезімдеріңізді басшылыққа алыңыз. Бірақ қатты кетудің қажеті жоқ, өйткені қан тамырлары үлкен жүктемені сезінеді.

Кіндікпен және плацентамен бір сағат жатудың мағынасы жоқ (бірақ бұл, мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азияда жасалынады), бірақ кіндік тамырлары әлі де соғып тұрғанда бір-екі минутқа кесілмейді. Бұл қан кету қаупін болдырмау үшін және нәрестенің анасынан қалған қоректік заттарды алуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Бірден кіндіктің кесілгенін қаламасаңыз, оны да жасауға болады. Бірақ бұл процесс білікті дәрігерлердің бақылауында болуы керек, өйткені жұқпалы аурулардың қаупі бар.

Жалпы ұсыныс – сол жаққа қарап ұйықтау, өйткені осылайша қан тамырлары қысылмайды. Бірақ оң жаққа қарап ұйықтау ыңғайлырақ болса және еш жеріңіз ауырмаса, сол жаққа қарап жатуға тырысудың қажеті жоқ. Бірақ арқамен ұйықтауға дәрігерлер кеңес бермейді. Біріншіден, сізге ыңғайсыз болады. Екіншіден, ұрық ішкі ағзаларға қысым түсіретін болады. Ал неғұрлым жүктілік мерзімі ұзақ болса, ол соғұрлым байқалады.

Егер сізде тек бір рет кесар тілігі болған болса, өз бетіңізбен босануға болады. Бірақ дәрігер шешімді босану кезінде қабылдайды, өйткені сізде «орнықты» (серпімді, қысымға төтеп бере алатын) тігіс болуы керек. Бұл ультрадыбыстық зерттеудің нәтижелерімен (ол толғаққа дейін жасалады) және әйелдің жеке сезімімен анықталады (тігіс ауырмауы керек).
Кесар тілігінен кейін дәрігерлер жүктілікті үш жылдан бес жылға дейінгі уақыт аралығында жоспарлауды ұсынады. Бұл кезде ұлпалар мүмкіндігінше тығыз және серпімді болады.
Бұл өз бетіңізше босануды жоспарламасаңыз да сізге қатысты. Жатырдың қалпына келуі үшін үш жыл қажет. Егер кесар тілігі болмаған болса, босанғаннан кейін екі жылдан кейін жүктілікті жоспарлаңыз.
Жағдай мүмкіндік берсе, мен табиғи босануды жақтаймын, өйткені тілмелі операция денеге әлдеқайда ауыр жүк. Қазір көптеген дәрігерлер кесар тілігінен кейін табиғи босануды жақтайды.
Егер сізде екі рет кесар тілігі жасалса, онда сіз өз бетіңізше босана алмайсыз, өйткені тыртық тіндері әлсіз және жүктілік пен босану кезінде жүктемеге төтеп бере алмау қаупі жоғары.

Негізі әйелдердің жатып босана бастағанына небәрі 200 жыл болды. Бұған дейін вертикальды босану танымал болды. Бірақ қазір бұл тәжірибе Ресейге қайта оралды. Тігінен босану нәресте үшін физиологиялық және ыңғайлы болып табылады.
Тігінен босану – бұл жерде тұрып, акушердің нәрестеңізді ұстап алуын күту дегенді білдірмейді. Арнайы төсектер бар, олар әйелге толғақ кезінде 90 ° дерлік бұрышта жартылай отыруға мүмкіндік береді, ал оның аяқтары, классикалық схемадағыдай, арнайы тіректерге орналастырылады. Вертикальды босануға арналған мұндай құрылғылар Мәскеудегі перзентханалардың көпшілігінде бар.
Мен мұндай босану жылдамырақ деп айта алмаймын (бірақ мұндай зерттеулер бар). Бірақ салдары (жыртылулар, асқынулар) шынында аз. Бұл позицияда сүйектер де оңайырақ ажырайды.

Иә, мұндай пікір бар. Бірақ бұл сіздің отбасыңызда егіздер болса, сіз міндетті түрде егіз немесе үшемге жүкті боласыз дегенді білдірмейді. Бірақ мүмкіндіктер жоғарылайды. Дәрігерлер жүкті қыздардан жиі олардың анасы қанша уақытта босанғанын, босану қалай өткенін сұрайтындығын естіген шығарсыз. Өйткені органдардың өзіндік құрылымы, аурулар және тағы басқалар тұқым қуалауы мүмкін. Овуляция кезінде әйелде екі жұмыртқа жасушасы шығарылып, олар бір уақытта ұрықтандырылуы мүмкін. Бұл қасиет генетикалық түрде түсіндірілуі мүмкін.
Қазір егіздер жиі туылуда, өйткені репродуктивті технологиялар белсенді дамып келеді. Бұған тек Эко ғана емес, сонымен қатар бірнеше жұмыртқа жасушасын өсірген кезде овуляцияны ынталандыру (мысалы, жұмыртқа жасушалар поликистозы кезінде) да кіреді.

Егер жатыр анатомиялық жағынан (туылғаннан бастап) ер-тоқым тәрізді болса, онда рисктер аз болады. Жүкті болу үшін сізге көп уақыт қажет болуы мүмкін, бірақ сізді бәрібір сәттілік күтеді. Үрейленудің қажеті жоқ.
Жатыр инфекциялардан, қабынулардан және хирургиялық араласудан кейін ер-тоқым пішініне ие болатын кездер болады. Бұл жағдайда тіндер зақымдалғандықтан, болжам нашарлау. Бұл жағдайда бедеуліктің негізгі себебі – инфекция, тіндердің жарақаты, одан кейін жүкті болу әлдеқайда қиын.

Көрсеткіштерге назар аударыңыз. Жатырдағы ұрық – бұл өз қалауы бар адам. Кейбіреулер белсенді, кейбіреулері ұйқышыл. Ұлдар қыздарға қарағанда белсенді деген пікір бар, бірақ мен бұл тақырып бойынша ғылыми деректерді кездестірмедім. Бірақ егер сізде күмән болса, КТГ, УДЗ жиі жасаңыз және көрсеткіштерге назар аударыңыз.

Егер эрозия кіші болса және цитологиялық зерттеудің нәтижесі жақсы болса, күйдірудің қажеті жоқ. Не дегенмен, бұл әйел ағзасына араласу. Егер эрозия үлкен болса, жатыр мойнының көп бөлігіне әсер етсе, өсе бастаса, оны емдеу керек.
Көбінесе дәрігерлер босанғаннан кейін эрозияны емдеуге кеңес береді. Оған дейін оның жағдайын қадағалап, дәрігерге үнемі барып тұруы қажет.

Алаңдап қажет емес! Жүктілік кезінде әртүрлі әдістер бар («жамбас көтеру» жаттығуы, бассейнге бару – мұның барлығы 30-шы аптадан бастап қыздарға ұсынылады), бірақ оларды қалай дұрыс орындау керектігін білетін адам аз, сондықтан тиімділігін бағалау қиын. Баланы барлық позициядан бірдей аудару мүмкін емес. Мысалы, егер нәресте бөксе жағымен келсе, сіз өз бетіңізше босана аласыз. Ал аяқ жағымен немесе аралас келсе – өз бетіңізше босана алмайсыз.

Сіз нәрестемен тығыз байланыста екеніңізді түсініңіз. Кинотеатрда немесе концертте фильм көру кезінде сіз өзіңізді жайлы және жақсы сезінсеңіз, бала да солай сезінеді. Қанға бөлінетін эндорфиндер оған да барады. Оның музыкадан қобалжығанын немесе ырғақпен қозғалып жатырғанын білмейсіз ғой.
Бірақ егер сізге қорқынышты болса, қорқатын болсаңыз, нәрестенің де қорқатынына дайын болыңыз. Жүктілік кезінде кинотеатрға барудан қорқасыз ба? Бармаңыз! Ұшумен да солай. Деніңіз сау болса, ұшуға елеулі қарсы көрсетілімдер жоқ. Бірақ егер бұл ыңғайсыз және қорқынышты болса, тоғыз ай шыдай тұрыңыз.

Кез келген хирургиялық процедура кезінде компрессиялық киім кию керек. Әсіресе, кесар тілігі кезінде. Асқыну мүмкіндігі әрқашан болады. Кесар отасынан кейін кейде тромбоэмболия болуы мүмкін. Мен шұлықтар толықтай қауіптердің алдын ала алмайтынын түсінемін, бірақ оларды бәрібір кию керек. Бұл дәрігерлердің алтын ережесі.

Сіздің өз сұрағыңыз бар ма?

Түсініктемеге жаза кетіңіз

Сіз біздің орталықтың кез келген дәрігерінің әлеуметтік желілердегі кез келген жазбасының астындағы түсініктемелерде сұрақ қоя аласыз. Сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі біздің орталықтың парақшасында да жаза аласыз.

Сайттағы кері байланыс

Сондай-ақ, сіз біздің сайтымыздың «Байланыстар» бөлімінде сұрақ қоя аласыз.

Тағы да сұрақтарыңыз қалды ма?

«Байланыстар» бетіндегі форманы толтырып, бізге сұраулар жіберіңіз. Біз сізге жұмыс күндері жауап береміз. ; )